Еліміздің ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр

Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суды қабылдап, оны қауіпсіз өткізу мақсатында еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Астана су қоймасынан секундына 1 жарым текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8 текше метрден астам көлемде су жіберіліп жатыр. Сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма, Абай облысындағы Шүлбі, Батыс Қазақстан облысындағы Киров және Бітік су қоймаларынан, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймаларынан да бірнеше текше метр су жіберіліп жатыр. Ал Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары былтыр қайта жөндеуден өткен болатын. Бүгінде екі нысан да орта есеппен 67%-ке толған.