Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды.
Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 88 мыңға жуық адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;
орташа балл — 65 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл — 139 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды.
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;
бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
"Қатысушылардың 18,1%-ы "Математика-Физика" комбинациясын, 14,8%-ы "Биология-Химия", 12,6%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған", - делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.