Қазақстан мұнай құбырына жасалған шабуылына қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Украиналық тараппен байланыстамыз. Бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Жалпы КТК бойынша ресми ұстанымды Энергетика министрлігі мәлімдеді, ал украиналық тараптың хабары бар. Олардың қатысуымен келіссөздер жүргізіліп жатыр", — деді Әлібек Қуантыров Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Айта кетейік, биыл 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау стансасына дронмен шабуыл жасалды. Кейін Энергетика министрлігі КҚК-ға жасалған кезекті дрон шабуылына қатысты түсінік берді. Сондай-ақ Каспий құбыры консорциумына келген шығын кәсіпорынның өз есебінен өтелгені айтылды.
Бұған дейін 24 наурызда Каспий құбыры корцорциумының станциясына дрондар шабуылдаған болатын. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі ақпарат таратты.
Ведомствоның мәлімдеуінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұшқышсыз ұшу аппараттарын станциядан 7 шақырым қашықта атып түсірген. Оның қалдықтары Кавказская теміржол бекетінің жақын жерге құлаған.