Киік санын реттеудің екі жолы бар.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде киік санының күрт артуы мәселесін жан-жақты зерделеп, байыпты шешім қабылдауды тапсырған болатын. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ғалымдардың бұл мәселені тағы бір зерттеп, қарауына уақыт қажет. Бүгін киік пен адамның арасындағы, жалпы адамның әрекетімен байланысты конфликт көріп отырмыз. Екіншіден, біз эпизоотиялық ахуалдың бөлігінде мәселелер бар. Өте салмақты шешім қабылдау қажет", — деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, киіктердің санына байланысты шешім биыл қабылданады.
Тілшілер бұл мәселеде қандай тәсілдер қолданылуы мүмкін екенін сұрады.
"Әдеттегідей. Біріншісі – караль тәсілі, екіншісі – ату арқылы", — деді Экология және табиғи ресурстар министрі.