Құзырлы органдар мен техникалық мамандар зерттеп, анықтайды.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың бірнеше құлау фактісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"БҚО аумағындағы жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Техникалық мәселелер қаралып жатыр, яғни аппарат қайдан ұшты, қайда құлады және кімге тиесілі. Құзырлы органдар мен техникалық мамандар зерттеп, анықтайды. Кейін белгілі болады", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.