Бүгін наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні – Қадір түні.
Қасиетті Құран Кәрім түскен Қадір түнінде жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең. Сол себепті мұсылмандар қасиетті түннің сауабынан құр қалмау үшін ұйықтамай құлшылық етеді. Осы орайда Информбюро порталы Қадір түнінде оқылатын сүрелерді ұсынады.
Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет "Субханалла", бір рет "Әлхамдулилла", бір рет "Лә илаһа иллалла" деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады.
Ықылас сүресін 100 рет оқу
"Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді".
Мағынасы: "Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес".
Қадір сүресін 100 рет рет оқу
"Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр".
Мағынасы: "Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні Алланың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланың рахымы мен есендігі жауады".
Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі".Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.Мағынасы: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мұхаммед Оның елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін".
Астәғфируллуһ – 500 рет
"Алладан кешірім сұраймын"Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир – 100 рет.
Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті".
Оқи отырыңыз: Қадір түнін қалай өткізу керек? Басты 10 сұраққа жауап