Аида Балаева "Қазақфильмге" қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

Министр ең алдымен "Қазақфильмнің" тағдыры жұртшылықты алаңдатып отырғанына қуанышты екенін айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты қоғамда тарап жатқан қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, оның алдағы қызметінің кейбір қыр-сырын ашып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұртшылықтың «Қазақфильмнің» тағдырына осынша алаңдаушылық білдіріп отырғаны қуантады. Сондықтан қоғамдағы осы алаңдаушылыққа себеп болып отырған мәселелерге қатысты түсініктеме беруді жөн деп санаймын. Ең алдымен айтарым, кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар. Алайда ақпарат таратқанда тек фактілерге сүйенуге кеңес беремін. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ, ал оны елемеу тиісті заң аясында жауапкершілікке әкеліп соғады, – деп Аида Балаева 26 наурызда Facebook желісінде жазды.

Содан кейін ол киностудия төңірегінде айтылып жатқан қауесеттерге түсініктеме берді.

Бірінші. «Қазақфильм» жерінің сатылуы жөніндегі ақпаратқа қатысты.

«Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуы тиіс. «Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда.»Аида Балаева

Екінші. Киностудияны жөндеуге қомақты қаржы салуға дайын инвесторлардың бар екені жайлы.

Бұл ақпарат қоғамда кең тарап жүр, алайда мұндай мәлімдемелерді құжаттармен немесе нақты кепілдіктермен растай алмайтын адамдар жасап отыр, – деп ойын жеткізді министр.

«Мемлекет, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігі нақты инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Дегенмен әзірге ешқандай нақты ұсыныс, бірде-бір кепілдік хаты жоқ. Барлығы тек әңгіме деңгейінде.»