Дастан Сәтпаев Лихтенштейнмен ойында алаңға негізгі құрамда шығады

Жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Лихтенштейнмен ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы: Сейсен, Вороговский, Быстров, Әліп, Марочкин, Астанов, Жуков, Оразов, Самородов, Чесноков, Сәтпаев.

Айта кетейік, Лихтенштейнге қарсы кездесуде «Қайрат» клубының 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев алғаш рет Қазақстан құрамасының негізгі құрамында алаңға шығады.

Лихтенштейн – Қазақстан матчы Вадуц қаласында өтеді және Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Қазақстан құрамасы жаңа іріктеу кезеңінің бірінші матчында сырт алаңда Уэльс құрамасынан 1:3 есебімен жеңілді.