Салтанатты шара Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтті.
Беларусьте бүгін, 2025 жылдың 25 наурызында жетінші рет Александр Лукашенко президент сайланып, инаугурациясы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға барлығы 1,1 мыңнан астам адам қатысуда, деп хабарлады Беларусь президентінің баспасөз қызметі.
Ант бергеннен кейін Лукашенко актіге қол қойды, ал елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы оған мемлекет басшысының куәлігін табыс етті.
"Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ел мен беларусь халқына адал болуға ант беру – үлкен жауапкершілік.Бүгін біз барлығымыз Отанға адал қызмет етуге ант береміз және ешкімнің тарихтағы жасампаздық таңбасын – біздің және біздің ізашарлардың таңбасын өшіруіне жол бермейміз", – деп атап көрсетті Александр Лукашенко.
Беларусьте 2025 жылдың 26 қаңтарында президент сайлауы өтті. Азаматтардың басым көпшілігі қазіргі президент Александр Лукашенкоға дауыс берді. 27 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады.