Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жектен н уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
UFC комментаторы Алексей Володиннің пікірінше, америкалық спортшы Шон Брэди қазір Шавкаттың дивизионында жаңа көшбасшыға айналуы мүмкін.
Шон Брэди UFC Fight Night 255 турнирінде британдық Леон Эдвардсты төртінші раундта жеңіп, үлкен серпіліс жасады. Бұл жеңістен кейін ол жартылай орта салмақтағы рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
Брэди қазір Эдвардсты ығыстырып, уақытша көшбасшы болды. Ол титул үшін жекпе-жекке бірінші кезекте тұруы мүмкін. Ал Шавкатқа, өкінішке қарай, бір жекпе-жек өткізуге тура келетін сияқты. Өйткені ол бұған дейін ұсынылған титулдық кездесуге жарақатына байланысты шыға алмады, – деді Володин.
UFC жаңартылған рейтингіне сәйкес, Брэди қазір 1-орында, ал Шавкат 2-орынға түсті. Чемпиондық белбеудің қазіргі иегері – Белал Мухаммад, ол 2024 жылдың шілдесінде Эдвардсты жеңіп титулға қол жеткізген.
Белал Мухаммад енді алғашқы титулды 2025 жылдың 10 мамырында UFC 315 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекте қорғайды. Бұл турнир Канададағы Монреаль қаласында өтеді.
Айта кетейік, бастапқыда Белал мен Шавкат арасындағы жекпе-жек жоспарланған болатын, бірақ Шавкат жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұл – олардың жекпе-жегінің екінші рет өтпей қалуы. Бұған дейін желтоқсан айындағы UFC 310 турнирінде Белал жекпе-жектен шеттетіліп, оның орнына шыққан ирландиялық Йэн Гэрри төрешілер шешімімен Шавкаттан жеңіліп қалған.