«Спартак» пен «Пахтакор» Астанаға келді.
Елордада футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир өтеді. Үшінші жыл ұйымдастырылатын «Астана Кубогіне» 12 команда жиналды. Олардың арасында мәскеулік «Спартак» пен ташкенттік «Пахтакор» клубтарының шәкірттері бар. Олар осы жарыс жайында бірер ай бұрын білген және арнайы дайындық жүргізген. Енді 25 және 28 наурыз күндері өзара мықтыны анықтайды. Қалалық спорт басқармасы және Қазқастан футбол федерациясы қолдауымен өтіп жатқан жарыс елдің бас стадионы «Астана Аренада» болады.
Фарух Фатхулаев, «Пахтакор» командасының бапкері:
- Біз халықаралық жарыстарға жиі қатысып, балалардың шеберлігін шыңдап тұрамыз. Астанағы турнирге де арнайы келдік. Бұнда мықты командалар бар. Тек балалар ғана емес, бапкерлер де осында жетті. Біз үшін де тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Осы балалар арасынан әлемдік деңгейдегі футболшы шығару.
Астанадағы аладоп аламанына ресейлік және өзбекстандық командалардан бөлек елдің түкпір-түкпіріндегі өрендер де жиналып жатыр. Халықаралық турнир 10 жастағы балалар арасында болады және дәл осы жас деңгейінің таңдалуы бекер емес. Яғни футболға жаңадан келген балаларға көбірек ойын уақытын беріп, дұрыс қалыптастуына жақсы мүмкіндік береді дейді мамандар.
Еркебұлан Жомарт, №8 спорт мектебінің директоры