Стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.
Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасады.
Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.