Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың концерттердің бірінде айтқан әні жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбадан оның жуырда ғана әпкесі Баян Алагөзованың шығармашылық кешінде ән орындағанын байқауға болады. Алайда көпшілік оның өнеріне оң баға берген жоқ.
«Мынау не дауыс? Димашты аямай сынап еді ғой», «Димашқа шыңғырасың деп апам өзі шыңғырып тұр ғой», «Не туралы айтып тұрғаны түсініксіз. Әйтеуір жүрегін көрсетіп тұрғанын түсіндім», «Құдай сақтасын осы да ән бе? Димашқа сын айтқан», «Түсініксіз. Қай тілде айтып тұр. Бір сөзін де түсінбедім», «Күйеуі қайтыс болса, қара жамылып қазақтың әйелдері көшеге де шықпайтын еді», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 2013 жылы «Саз әлемі» байқауында Бағым Мұхитденова Димаш Құдайберген орындаған әнді сынға алған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Zhulduzdar Alemi❤️ (@zhulduz_qaz)