Қамауға алынған Ыстанбұл мэрі президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

Жаңалықтар

Праймеризде он миллиондаған адам оның кандидатурасын қолдады.

Түркияда Оппозициялық халықтық-республикалық партия қамауға алынған және қызметінен уақытша шеттетілген Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлуды президенттікке кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оппозициялық партия ұйымдастырған праймеризге Түркияда тіркелген сайлаушылардың төрттен бірі, яғни 15 миллион адам қатысты. Олардың 13,2 миллионы ұсынылған жалғыз кандидат Экрем Имамоғлуды қолдады.

Партия төрағасы Өзгюр Өзел Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоғанды президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге шақырды. Сондай-ақ сайлауда Имамоғлуға қарсы бәсекеге түсуді ұсынды.

Сол күні оппозицияның ондаған мың жақтаушылары Ыстанбұл мэриясының алдында жиналып, қала басшысының қудалануының артында саяси астар бар екенін айтып, өз наразылығын білдірді.

"Бір жағынан Имамоғлу түрмеде отыр, екінші жағынан президенттікке бара жатыр", — деп атап өтті Өзгюр Өзел.

Айта кету керек, осыған дейін Экрем Имамоғлу қызметінен уақытша шеттетілгенін жазғанбыз. 19 наурыз күні жемқорлыққа қарсы операцияда Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алу туралы шешім қабылданғанын жазғанбыз. Ыстанбұлда қала әкімі ұсталғаннан кейін шерулер өткізуге тыйым салынды.