Оңтүстік Кореяда премьер-министрге жарияланған импичменттің күші жойылды

Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты премьер-министр Хан Док Судың импичментін қабылдамады.

Ренхап агенттігі 8 судьяның пікірлері екіге бөлінгенін жазады: бесеуі импичментті жоюға дауыс берсе, біреуі қалыс қалған, ал екеуі импичментті қолдаған.

Оңтүстік Корея Парламенті Хан Док Су қызметінен босатылуы керек, өйткені ол 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде төтенше жағдай жариялаған президент Юн Сокпен бірге деп санайды. Яғни, ел үшін жауапты кезеңде ол үнсіз қалған.

Алайда сот бұл айыптауларды қабылдамады және оны импичмент жариялауға жеткіліксіз себеп деп тапты. Сот мұны халықтың сеніміне опасыздық жасау жағдайы деп біржақты айтуға болмайтынын, сондықтан оның қызметінен босату үшін негіз ретінде саналмайтынын атап өтті.

"Мен Конституциялық сотқа дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Мен жұмысымды шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерге бас қоюдан бастаймын", — деді Хан Док Су қызметіне қайта оралғаннан кейін.

2024 жылдың 27 желтоқсанында Корея Республикасының Парламенті ел Президентінің міндетін атқарушы премьер-министр Хан Док Суға импичмент жариялаған болатын.