24 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша үш облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолын еріген қар суы басты.
Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш — Ембі- Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.