Келіссөз шамамен екі сағатқа созылды.
Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ делегацияларының келіссөздері өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Осыған дейін келіссөздің басталғанын Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров мәлім еткен болатын.
"Біз америкалық тараппен Эр-Риядта кездесуді бастадық. Біз Украина президентінің тапсырмасы бойынша әділ бейбітшілікке қол жеткізу және қауіпсіздікті нығайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Күн тәртібінде энергетикалық нысандарды және маңызды инфрақұрылымды қорғау бойынша ұсыныстар бар", — деп жазды министр Twitter-де.
Келіссөз шамамен екі сағатқа созылды. Умеровпен бірге Украина атынан президент әкімшілігі басшысының орынбасары Павел Палиса да қатысты. АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік департаменттің саяси жоспарлау директоры Майкл Антон, Украина бойынша арнайы елшінің көмекшілері Кит Келлог және президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтс болды.
Украинаның қорғаныс министрі желіде Сауд Арабиясында АҚШ өкілдерімен болған кездесудің аяқталуына да пікір білдірді.
"Әңгіме конструктивті және мазмұнды болды. Негізгі мәселелер, соның ішінде энергетика саласы талқыланды", — деп атап өтті ол.
Рустем Умеров жаңа кездесулерге қатысты өз пікірін білдірген жоқ.