Газада қаза тапқандардың саны 50 мыңнан асты

Жаңалықтар

Тағы 113 мыңнан астам адам жарақат алған .

2023 жылдың 7 қазанынан бастап Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 50 021 адам қаза тапты. Бұл туралы эксклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте ауруханаларға 41 адамның мәйіті мен 61 жарақаттанған адам жеткізілді. Олардың 39-ы жаңа әуе шабуылдарының құрбаны болса, тағы 2 адамның денесі қирандылардан шығарылды.

Тағы 113 274 адам жарақат алған.

18 наурыздан бері Израиль Газаға жаппай соққыларын қайта бастады. Бұл уақыттан бастап тағы 673 адам қаза тапты, 1233 адам жарақат алды.