Қызылорда облысында егіс алқаптары лазерлік тегістеуден өтті

Жаңалықтар

Қызылорда облысының Қазалы ауданында егістік алқаптың 42 пайызы лазерлік тегістеуден өтті.

Бұл технология суармалы суды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді мамандар. Сонымен қатар 250 гектарға жуық жүгері алқабына жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Суды аз қажет ететін майлы дақылдардың да көлемі 500 гектарға артады. Бұл шаралар суармалы су тапшылығының алдын алу үшін қолға алынды. Биыл аудандағы 18 мың гектардан астам егінді суаруға 320 миллион текше метр тіршілік нәрін беру жоспарланған.

Еркін Сейітов, Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бақша дақылдарын егуге байланысты 151 гектар жер қазіргі уақытта әзірленіп, 289 тұлғаға бөліп беру жоспарланып отыр. Айта кету керек, егін егуге бақшалық жерлердің бәрін үлкен шаруашылықтардың демеушілігі есебінен жер жыртылып, әр аумақтан бөлініп беріліп отыр осы уақытта.