Шавкат Рахмонов бұл ұсынысты қабыл ала ма?
Бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткер атағы үшін жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сехудо қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Шон Брэдимен кездесуі керек деп санайды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды. Оның сөзінше, бұл жекпе-жек болашақ чемпиондық белбеуге үміткерді анықтайды.
Бұған дейін UFC басшысы Дана Уайт қазіргі чемпион Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті туралы жария етті. Ол Рахмоновтың басты үміткер болып қала беретінін және ол келесі атаққа таласуға мүмкіндік алатынын атап өтті.