Алматы облысының тұрғындары «Тазару күніндегі» экоакцияға атсалысты

Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары да «Тазару күніндегі» экологиялық акцияға атсалысты .

Сенбіліккке әртүрлі мекеме қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар, үкіметтік емес ұйым мүшелері және тұрғылықты жерінің тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Көпшілік саябақтар мен аллеяларды және көше бойын тазартты. Ал Байсерке ауылдық округінің халқы жолаушы тасымалы үзілмейтін теміржол жиегіндегі қураған шөптер мен ағаш бұтақтарын жинап, аймақты ретке келтірді.

Қамит Абдин, Байсерке ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Тазалық бар жерде денсаулық бар. Тазалық бар жерде береке бар. Ауылымыз, көшелеріміз бәрі тазаланып қалды. Көктемде қанша қоқыс шықты. Соның бәрін тазалап, ауылымыз көркейіп қалды.