Алдын ала белгілі болғаны, босанған ана күйзеліске ұшыраған.
Ақтөбеде екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады.
– Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Әйел босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Балалар 3 жаста және 11 айлық болған. Әйелдің Атыраудан Қандыағашқа қонаққа келгені белгілі.