Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.