Қазақстанда қанша адамға Наурыз есімі қойылған?

Жаңалықтар

Елімізде Наурыз есімі берілген 1500-ге тарта азамат бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дерекке сүйенсек, бұл есімді маңғыстаулықтар көп қояды екен. Осы өңірдің 282 тұрғынының есімі — Наурыз. Екінші орында Түркістан облысы. Мұнда көктемнің алғашқы айымен аттас 172 адам бар. Қызылорда облысында 165 Наурыз тұрып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында небәрі жеті адамның есімі — Наурыз.

Еліміздегі ең жасы үлкен Наурыз 84 жаста екен.

Бұл сөзге жұрнақ қосылған есімдер де бар. Мәселен тұрғындар арасында Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан мен Наурызгүлдер жетерлік.

Еске салайық, бұған дейін елімізде Наурыз есімді 119 полицей бар екені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!