Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды.
Еріген қар сулардың салдарынан Ақтөбе және Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
23 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы бойынша "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).
Қостанай облысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).