Жамбылда «Ой шебері» жеңімпаздары марапатталды

Жаңалықтар

Жамбыл облысында Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойынында жеңімпаз атанған оқушыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында өңір басшысы кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, жасөспірімдерді білімге ұмтылуға шақырды. Жеңімпаздарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен М. Әуезовтің «Абай жолы» романы сыйға тартылды.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда өткен білім сайысына 450 оқушыдан құралған 90 команда қатысып, өңірлік ақын-жазушылардың шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Байзақ, Меркі, Сарысу аудандарынан шыққан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сертификаттарға қол жеткізді.

Жарысқа қатысушылар арасында 300 кітап оқыған Асқар Нұрмахан, 250 өлеңді жатқа білетін Кәусар Қашқынбай, 100-ден астам кітаптың мазмұнын меңгерген Нұртілеу Сатыбалды сынды талантты жастар бар.