Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 50 келі салмақта сынған түскен Алуа Балқыбекова алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді алда 1-15 қазан аралығында өтетін Азия чемпионаты тұр. Демалыстан соң дайындыққа кірісеміз. Ал одан бөлек ең басты мақсатым — 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанып, елге алтын медальмен оралу, — деді ол ҰОК-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, әлем чемпионы Олимпиада ойындарының оның спорттың мансабындағы басты жарыс екенін де атады.
Алдағы Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына мақсатты түрде дайындалып жатырмын. Осы әлем чемпионаты, Азия чемпионаты сол әлем біріншілігің алдында үлкен сынақ ретінде қарастырылады, — деді Алуа Балқыбекова.