Құзырлы органдар оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.
Астана мен Қарағанды арасындағы теміржол учаскесінде жолаушылар пойызы өртенді. Бұл туралы "Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
– 2025 жылдың 22 наурызында, сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде "Турксиб Астана" жеке тасымалдаушысының № 44 жолаушылар пойызында өрт шыққаны анықталды. Пойыз Қостанай – Алматы бағытымен жүріп бара жатқан, – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрт шыққан вагон шұғыл түрде құрамнан ажыратылды. Төтенше жағдай орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен ТЖД мамандары сөндірді.