Астанада Наурыз мерекесі: спорт жарыстарына 2 мыңға жуық адам қатысып жатыр

Жаңалықтар

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Наурыз мейрамын тойлау аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы қаланың барлық аумағында, оның ішінде тұрғын алаптарда мерекелік спорттық іс-шаралар ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мерекенің негізгі күндері – 21 және 22 наурызда – 30-дан астам орында қазақ күресі, қой көтеру, арқан тартыс, асық ату, қол күрес, гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

"Бүгінде бірде-бір мереке қазақтың ұлттық ойындарынсыз өтпейді. Қошқар көтеру мен қазақша күрес тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қалада өтіп жатқан жарыстарға екі мыңға жуық елорда тұрғындары мен қонақтары қатысып жатыр. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекелік спорттық іс-шараларға қатысуға және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтуге шақырамыз", — деді елордалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

22 наурызда мерекелік спорттық іс-шаралар мына орындарда өтеді:

Сарайшық ауданы:

  • "Қазақ елі" монументі жанындағы алаң;
  • "Индустриалды" тұрғын үй кешені.
  • Сарыарқа ауданы:
  • Қалалық алаң (Астана әкімдігінің алдында);
  • Қорғалжын алаңы (ЖМ Көктал-2);
  • Агроқалашық елді мекені ("Формула Успеха" тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақ, Қазығұрт пен Жалын көшелерінің қиылысы).

Байқоңыр ауданы:

  • "Ататүрік" саябағы (Ж. Тәшенов көшесі);
  • Өндіріс елді мекені (Ақбидай көш., 6);
  • Кирпичный елді мекені (Шет және Жолымбет көшелерінің қиылысы).

Есіл ауданы:

  • ЭКСПО, Бәйтерек монументі жанындағы алаң.

Нұра ауданы:

  • Ғашықтар саябағы (Тұран даңғылы);
  • Үркер шағын ауданы;
  • Жағалау шағын ауданы;

Алматы ауданы:

  • Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғылы);
  • Жастар саябағы (Sana sport, Қазымұқан көшесі, 5);
  • "Күйшілер аллеясы" (Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысы);
  • Алма алаңы (Рысқұлбеков көш, 16);
  • Қошқарбаев даңғылы, 80/1;
  • Достық үйі (Б.Момышұлы даңғылы, 26).