«Хабар» телеарнасы «Ұлыстың ұлы күні – Жаңару мен бірлік мейрамы» атты мерекелік телешоу өткізіп жатыр. Бағдарлама толығымен ұлттық нақыштағы музыкалық композициялармен әрленген.
Арнайы әзірленген сюжеттерде Наурыз мейрамы жайлы жан-жақты қызықты әрі маңызды ақпарат беріледі. Сондай-ақ танымал қонақтармен сұхбаттар, студияда ұлттық ойындар ойнау, салт-дәстүрімізді тікелей эфирде көрсету мерекенің сәнін келтіріп тұр. Сағат 12-де басталған мерекелік телешоу сағат үшке дейін жалғасады.