Павлодарда биыл спорттық инфрақұрылым жаңғыртылады .
Қалада ойын және спорт алаңдары салынады. Былтыр жасанды жабын төселген 12 шағын футбол алаңы пайда болды. Күні кеше Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда Президент футбол мен спорттың басқа да түрлерін дамытып, стадиондарды демеушілер есебінен жаңғырту қажеттігін айтты. Облыс және аудан орталығында, кент пен ауылдарда балаларға арналған футбол алаңы болуы тиіс. Осы орайда павлодарлық жастар өз ойымен бөлісті.
- Менің ойымша, бұл өте дұрыс, өйткені бізде қазір футбол қарқынды дамып келе жатыр деп енді айта алмаймыз, өйткені біздегі Еуроклубтартағы футбол клубтарымыздың ойындары бұған дәлел. Бізде жалпы Ертіс клубы да енді, енді дамып келе жатыр. Менің ойымша футболмен айналысқысы келетін балалар, жастар өте көп. Сондықтан оларға барынша қолдау жасау керек!
- Салауатты өмір салтын насихаттау жалпы басты орында ғой, сондықтан Президенттің шешімін оң деп санаймын. Жалпы қалада болсын, ауылдық жерлерде де осындай спорттық нысындардың санын арттырып, балаларды жаман әрекеттердің алдын алу үшін спортқа баулуды ерте бастан қабылдау керек деп санаймын.