Qarmet компаниясы кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Солардың ең негізгісі – позициялау жүйесі. Қазір ол көмір өнеркәсібінде белсенді түрде қолданыла бастады. Жыл соңына дейін барлық шахталарда қауіпсіздік жүйесі орнатылады деп жоспарланған. Qarmet тағы қандай тың технологияларды қолданысқа енгізді?
Көмір департаментінде орналасқан сараптамалық-диспетчерлік орталықтан кез келген тереңдікте жұмыс істеп жатқан кеншіге хабарласуға болады. Олар арнайы смартфондардың көмегімен бейнебайланысқа шығады. Осылайша диспетчер әр жұмысшының нақты қай жерде орналасқанын көріп отырады.
Юрий Барковский, «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің бас энергетигі:
- Біздің кен орындарына жарылысқа төзімді бейнебақылау жүйесі орнатылған. Ол газды ортада да жұмыс істей алады. Камералар байланысқа қосылған сәттен соңғы минутқа дейін көрсетеді. Онда қуаттаушы станциялар бар.
Шахталардың барлығына кіру турникеттері мен автоматтандырылған медициналық қондырғылар орнатылған. Олар кеншінің денсаулығын бірден тексеруге мүмкіндік береді. Талапқа сәйкес келмеген жағдайда жер астында жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Ал арнайы терминалдар кеншілердің қауіпсіздік туралы білімін жетілдіруін қамтамасыз етеді. Олар сынақ тапсырып, нәтижелерін бірден көреді.
Евгений Пиксайкин, «Саран» шахтасы бас инженерінің техникалық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары:
- Қызметкер өз саласы бойынша сынақ тапсырады. Әр маман иесінің білім деңгейіне қатысты қойылатын талаптар бар. Олар еңбек қауіпсіздігі мен лауазымдық нұсқаулықтарға қатысты білімін үнемі жетілдіріп отыруы шарт.
Шахта ішіндегі жабдықтарды жөндеу және көмір өндіретін орындар мен сыртқы ортаны бақылайтын жүйелерді жаңарту да жоспарланып отыр. Бұл шаралардың барлығы жұмысшылардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Көмір департаментінің жобаларын жүзеге асыруға 500 миллион доллар инвестиция бөлінді.
ГҚ, Лиана Жамлиханова, Сайлау Игликов, Аман Хамит