ТЖМ: Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталды

Жаңалықтар

Ақтөбе облысында Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сырдария өзені мұздан толық тазартылып, мұз ағысы Кіші Арал теңізіне жетті.

"Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырым. Бұл жолдың барлығы мұздан тазарды. Өзендегі су деңгейі бақылауда. Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр су, Селетин су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, шағалы су қоймасынан секундына 30 текше метр су ағызылады", – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Тоқаевқа су тасқынына дайындық барысын баяндады


"Өткен жылы екі нысан да қайта жаңартылды. Қазір олар суды белсенді түрде жинап, орта есеппен 42%-ға толды. Шығыс Қазақстан облысында Өскемен су қоймасынан секундына 605 текше метр, Бұқтырма су қоймасынан секундына 611 текше метр су ағызылады. Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 648 текше метр су ағызылады. Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,6 текше метр су, Дүнгүлүк және Бесмар су қоймаларынан секундына 8,1 текше метр су жіберіліп жатыр. Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 28,3 текше метр су, Самарқан су қоймасынан секундына 20 текше метр, Шерубай – Нұра су қоймасынан секундына 13,7 текше метр су ағызылады. Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 10 текше метр су жіберіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 91,5 текше метр су, Петропавл су қоймасынан секундына 42,86 текше метр су ағызылады.