Дональд Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

Жаңалықтар

Дональд Трамп мерекелік жолдауында парсы халқына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АҚШ-та және бүкіл әлемде ежелгі Наурыз мейрамын тойлап жатқан барша жанға ең жылы тілегімді жолдаймын. Наурыз — парсы халқы үшін көктемнің басталуы мен парсы Жаңа жылын білдіретін қуанышты мереке. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр өткен жылдың берекесін ой елегінен өткізіп, алдағы көктемге жаңарған оптимистік рухпен дайындалуға мүмкіндік береді.

Парсы халқы өзінің жарқын мәдениетімен және ғылым, заң, технология және өнер салаларындағы ерекше талантымен қоғамға елеулі үлес қосып келеді. Америка Құрама Штаттарының атынан баршаңызды осы қуанышты мерекемен құттықтаймын», делінген Ақ үй хабарламасында.