RG Brands Рамазан айында ірі қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады

Жаңалықтар

RG Brands компаниясы қасиетті Рамазан айына орай ауқымды қайырымдылық шарасын өткізіп, игі бастамаға Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындарын қатысуға шақырады.

Рамазан айы рухани тазару, жанашырлық пен мейірімділік таныту кезеңі. RG Brands осы құндылықтарды ескере отырып, шараға қатысушы әрбір адамға көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шараға қатысу шарттары оңай:

1. RG Brands кез-келген акциялық сусындарын сатып аласыз: Pepsi, A’SU, A’SU VO!, Piala Gold, AVA, DaDa.

2. Тауарды vpluse.me сайты арқылы сканерлейсіз.

3. Сатып алынған әрбір сусыннан түскен 5 теңге қайырымдылық қорына аударылады.

Жиналған барлық қаражат көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін сатып алуға жұмсалады. Онда өсімдік майы, жармалар, кеспе, консервілер, тәттілер, құрма, сондай-ақ RG Brands компаниясының "Моё" сүті, Piala Gold шайы, A’SU суы мен DaDa шырындары болады. Себеттер Астана, Алматы, Ақтау, сонымен қатар Қырғызстанның Бішкек, Шу, Ош, Талас, Нарын, Ыстықкөл, Жалалабад және Баткен облыстарының аз қамтылған отбасыларына тапсырылады.

Көмек көрсетудің қосымша жолы: шараға қатысушылар vpluse.me сайтында мезеттік немесе күн сайын ойнатылатын сыйлықтарды ұтып алса, оның номинал сомасын қайырымдылық қорына жібере алады.

Шара "Қызыл Жарты Ай" халықаралық гуманитарлық қорының қолдауымен өтіп отыр.

Қайырымдылықты жұмыла жасайық! Әрбір әрекет маңызды. RG Brands шарасына қатысып, мұқтаж жандарды қолдайық.

Компания жайлы:

RG Brands — Орталық Азия бойынша алкогольсіз сусындар өндіретін ең ірі компания. Көп жыл бойы жүйелі түрде қайырымдылықпен айналысады. Пандемия кезінде компания Қазақстанның 18 қаласындағы егде жастағы адамдарға 5 000-нан астам азық-түлік себеттерін қатынассыз жеткізуді қамтамасыз етті. Ал 2024 жылғы су тасқыны кезінде RG Brands Respublika Қорымен бірлесіп, зардап шеккендерге 1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат жіберді.