Шымкенттіктер экологиялық акцияға атсалысты

Жаңалықтар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгін «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарын жүргізді. 50-ге тарта азамат «Нұрсат» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын қардан тазартып, қыстан бері сіресіп жатқан мұздарды ойды. Қураған ағаштарды жинады. Бұл жұмыстарға партия мүшелерінен бөлек Жастар қанаты, студенттер және қала тұрғындары да қолғабыс етті. Былтыр мегаполисте жыл бойы «Таза бейсенбі» акциясы аясында 35 рет экологиялық шара өткізілген. Соның нәтижесінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Гүлзат Өміртай, «Amanat» партиясы Қаратау аудандық филиалының жетекшісі:

Бұл шараның басты мақсаты – қаланы таза ұстау, экологиялық тазалық санасын қалыптастыру және аулаларын абаттандыру, таза ауа өзімізге жақсы денсаулық қалыптастыратынын саналарына сіңіру.

Ғани Қалмаханов