Құттықтау тілек Ақ үйдің сайтында жарияланды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Наурызды тойлайтын барша халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"АҚШ-та және бүкіл әлемде ежелгі Наурыз мерекесін тойлайтындардың барлығына жылы лебізімді білдіргім келеді. Бұл – парсы халқы үшін көктем мен Жаңа жылдың басталуын білдіретін қуанышты оқиға. Ежелгі мереке – өткен жылдың игілігі туралы ойланып, көктемді жаңарған оптимизм рухымен қарсы алу уақыты", — деді Ақ үй басшысы.
Сөзінше, парсы жарқын мәдениеті мен халқы математика, ғылым, құқық, технология және өнер сияқты салалардағы керемет дарыны арқылы қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.
"АҚШ атынан сіздерді осы қуанышты мерекемен құттықтаймын", — деді Трамп.