Астанада элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды

Жаңалықтар

Астанада Highvill тұрғын үй кешені маңынан 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жігіт көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады полиция өкілдері.