Кейінгі 10 жылда Жер бетіндегі температура рекордтық межеге жетті

Жаңалықтар

Кейінгі он жылдықта Жер бетіндегі орташа температура рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Ал атмосферадағы көмірқышқыл газы кейінгі 800 жылда болмаған межеге дейін артқан. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жыл сайынғы баяндамасында жазылған. Мамандар оған адамдардың қазбалы отындарды көп жағу секілді іс-әрекеті себеп болғанын айтады. Салдарынан былтыр метеобақылау тарихындағы ең ыстық жыл болды. Жаһандық жылынуға байланысты табиғат апаттары жиілеп кеткен. Содан кейінгі 16 жылда әлемде «климаттық босқындардың» саны рекордтық межеге жеткен. Мамандар бұл жағдай азық-түлік дағдарысы және өзге де экономикалық проблемалардың өршуіне әкеп соқтырғанын айтады.