Ол мұны халыққа жасаған телеүндеуінде айтты.
Франция президенті келесі аптада Парижге барлық еуропалық армия басшыларын жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Эммануэль Макрон сөз арасында Франция АҚШ-тың қолдауы болмай қалған жағдайда бәріне дайын болуға тиіс екенін атап өткен.
Reuters-тің жазуынша, оның бұл мәлімдемесі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатыр. Бұл бастама АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатуына байланысты Еуропа елдерінің қорғаныс қабілетін күшейту қажеттілігімен байланыстырылған.
Макронның бұл әрекеті Еуропалық Одақ көшбасшыларының қорғаныс және Украина мәселелеріне арналған арнайы саммиті қарсаңында болып жатыр. Франция мен Ұлыбритания Ресей мен Украина арасында бір айлық ішінара бітімгерлік орнатуды ұсынуда. Бұл әуе, теңіз және энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды қамтымайды.
Франция АҚШ пен Украина арасындағы байланыстарды қалпына келтіруге барынша күш жұмсамақ. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін дипломатиялық байланысты да жалғастыруды көздейді.