Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Білім туралы" заңға сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжатты мемлекеттік egov.kz электронды үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сонымен қатар қағаз нұсқада 1 сәуір-31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).
Оқи отырыңыз: Биыл мектеп емтихандарының мерзімі өзгереді. Оған құрбан айттың не қатысы бар
Шетел азаматтары үшін ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетел азаматтары мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Министрлік құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, баланы мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды.