Қазақстандық жұлдыздар көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Жаңалықтар

Танымал өнер иелері жол қауіпсіздігін насихаттау үшін полициямен күш біріктірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды және үздік актёр Дулыға Ақмолда, актёр әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей, әнші Әли Оқапов және басқа да танымал жұлдыздар патрульдік полициямен бірлесіп, азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Акция барысында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Болатұлы мен оның орынбасары Ержан Сабитханұлы жолға шығып, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.