Өрт сөндірушілер Ақтау қаласындағы дәмханадағы өртті жойды , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласында 19 шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің біріне жапсарлас салынған кафенің жазғы террасасы өртенді.
Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін дәмхана қонақтары өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 3 газ баллоны шығарылды. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған, — делінген мәліметте.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.