50-ден аса азамат алданған: тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

Жаңалықтар

Павлодарда TAKORP қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар не үшін айыпталып отыр?

2024 жылғы наурыз бен қыркүйек аралығында күдіктілер TAKORP қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнама қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

Қатысушыларды тіркеу үшін электрон криптобиржа ОКХ арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынылған. Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.

Қанша адам зардап шекті?

50-ден аса азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонус алуға үміттенген.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты. Күдіктілер салымшылардың ақшасына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан. Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты үйқамақ және елден кетпеу туралы қолхат түрінде шара қабылданды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!