Астанадағы ТҚС-лардың бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады. 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды ТҚС-ның қосалқы бөлмесінде ұстаған.
Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген министрлік мәліметінде.