"Қазақмыс" кенішінде тағы бір кенші қаза болды

Жаңалықтар

Оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінде болды.

Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" кенішінде тағы бір кенші көз жұмды.

Жазатайым оқиға Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" компаниялар тобына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде болды.

№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.


Оқи отырыңыз: "Қазақмыс" кенішінде қаза болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды


"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза болған жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажет көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді", – делінген "Қазақмыс" компаниясы таратқан хабарламада.