17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Грузия U-17 құрамасына қарсы өткізді.
Топтың алғашқы ойынында Қазақстан U-17 құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Исмаил Бекболат бір гол соқса, Дәулет Орынбасар дубль авторы атанды.
Грузия U-17 – Қазақстан U-17 – 0:3 (0:0)
Голдар: Орынбасар 48, 75, Бекболат 55
В лигасының 7-тобында Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Литва және Грузия құрамалары бар.
Алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Бельгияға 1:3, Украинаға 0:3 есебімен есе жіберсе, Косовамен 4:4 есебімен тең түскен болатын.
Енді 25 наурыз күні сағат 12:00-де Қазақстан құрамасы Литвамен ойнайды. Матч Алматыда өтеді. Топтың жеңімпазы Лигаға жолдама алады.