Депутат Алматыдағы мемлекеттік қызметкерлерді электромобильдерге көшіруді ұсынды

Жаңалықтар

Айтуынша, қалалық әкімдік электр қозғалтқышы бар қоғамдық көліктің үлесін арттыруы тиіс.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматыдағы экологиялық мәселені қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат "Аквамәдениет туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болғанын еске салды.

"Заң жақында Мәжілісте қабылданды. "AMANAT" партиясы жанындағы экологиялық кеңестің мүшесі ретінде де, депутаттық сауалдарда да бұл туралы бірнеше рет айттым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматыдағы экологиялық апатқа тағы да назар аударғым келеді. Біздің сүйікті қаламызда ауа сапасы нашарлағанынан алматылықтар мегаполистің қасіретіне назар аударту үшін қаланы шаңсорғышпен тазалап жатыр", — деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сергей Пономарев мәселені электромобильдердің көмегімен шешуге болады деп отыр.

"Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды электромобильдерге отырғызу қажет, ал Алматы әкімдігі электр қозғалтқышы бар қоғамдық көліктің үлесін ұлғайтуы тиіс. Такси мен автомобильдің барлығын электр қуатына ауыстыру қажет", — деп атап өтті мәжілісмен.