Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілді

Жаңалықтар

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, іс 3 наурызда сотқа жіберілген.

“Әділет экс-министрі Марат Бекетаев және басқа адамдарға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлау, кәсіпкерлікке қызметкезаңсыз араласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. 2025 жылдың 3 наурызында қылмыстық іс сотқа жіберілді”, – деді Бигайдаров.

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды.

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.