Бұған Түркия оппозициялық Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглуның ұсталуы себеп болған.
Халықаралық интернет-мониторинг қызметі елдегі YouTube, X, TikTok және Instagram-дағы шектеулер туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұны X желісінде NetBlocks халықаралық интернет-мониторинг қызметі растады.
Онда YouTube видеохостингі, X, TikTok, Instagram әлеуметтік желілеріне шектеу қойылғаны хабарланған. Әзірге бұл туралы қосымша ақпарат жоқ.
NTV арнасының дерегінше, Ыстанбұл Бас прокуратурасы "Имамоглу мен оның баспасөз хатшысы, одан бөлек тағы 100-ден астам адамға қарсы сыбайлас жемқорлық, пара алу және лаңкестермен ынтымақтастық жасады" деген айып тағып отыр.
Осыған дейін Ердоғанның саяси басты қарсыласы саналатын Экрем Имамоглуды тұтқындауға ордер берілгенін хабарлаған болатынбыз.